Мәскеуде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына дайындық және ардагерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды
Қазақстан Елшісі Зауытбек Тұрысбековтың жұма күні Мәскеуде Статс-хатшы- РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасинді қабылдағанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
Келесі жылы Достастық елдерінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы болып жарияланғаны баршаға мәлім. З.Тұрысбеков Г.Карасинді 1941-1943 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржев қаласын азат ету ұрыстарында шайқасқан 100- және 101-ші атқыштар бригадаларының қазақстандық жауынгерлеріне ескерткіш орнату туралы Ресейдің Тверь облысы Ржев қаласының әкімшілігімен қол жеткізілген келісім жайлы хабардар етті. Ескерткіш қаладағы мемориалдық кешеннің аумағына орнатылмақ.
Тараптар сондай-ақ, нацистердің қылмыстарын тікелей немесе жанама ақтап, Ұлы Жеңістің бағасын түсіруге жол бермеу керектігін айтты.