Мәскеуде Жазаны орындау федералдық қызметі ардагерлерінің жалпыресейлік қоғамдық ұйымының конференциясы өтті
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Мәскеуде Жазаны орындау федералдық қызметі ардагерлерінің жалпыресейлік қоғамдық ұйымының конференциясы өтті.
Қазақстандық тараптан іс-шараға ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңаөмір Жамалов қатысты, деп хабарлады ҚР ҚАЖК баспасөз қызметінен Ғалымжан Хасенов.
Конференцияға барлығы Ресейдің 85 өңірінен 105 делегат қатысты. Ал қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) ардагерлерінің саны 120 мыңнан асып жығылады.
РФ Жазаны орындау федералдық қызметінің директоры, ішкі істер қызметінің генерал-полковнигі Александр Реймер, ҚАЖ-ды реформалауға адрагерлер ұйымдарының қосып отырған оң үлестерін атап өтті.
Өз тарапынан Ж.Жамалов, Адрагерлер кеңесінің жұмысы жөнінде айтып берді. Сондай-ақ ол Ресей мен Қазақстан ҚАЖ-дары Ардагерлер кеңесінің достық қарым-қатынастары одан әрі арта беретіндігіне сенім білдірді.