13:24, 03 Ақпан 2025 | GMT +5
Мәскеудегі «Алье паруса» тұрғын үй кешенінде жарылыстан бір адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Жарылыс Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Алые паруса» тұрғын үй кешенінің холында болды, деп хабарлады ТАСС ақпарат агенттігі.

— «Алые паруса» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатының залында жарылыс болды. Шыны мен гипсокартон төбесі зақымданған. Өрт болған жоқ, — деп хабарлады агенттіктегі дереккөз.
Төтенше жағдай салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам зардап шекті. Жедел қызмет хабарлауынша, қирандылар болған жоқ.
— Үйді тексерудің алдын ала қорытындысы бойынша тірек құрылымдары зақымданбаған. Бұдан әрі қираулар болмайды, — деп сендірді ведомстводағы дереккөз.
Айта кетейік, бұған дейін Мәскеуде «Фонбет» букмекерлік компаниясының директоры ұсталды.