Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәскеудегі форумда «Эйр Астана» әуе компаниясы «ТМД-дағы бизнес көшбасшысы» марапатын иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы ТМД елдерінің Мәскеуде өткен халықаралық экономикалық форумында қатысушы мемлекеттердің арасындағы экономикалық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін «ТМД-дағы бизнес көшбасшысы» марапатына ие болды.

Мәскеудегі форумда «Эйр Астана» әуе компаниясы «ТМД-дағы бизнес көшбасшысы» марапатын иеленді

Бұл туралы әуе компаниясының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланған.

«ТМД-дағы бизнес көшбасшысы» марапатын тағайындау 2009 жылдың 27 ақпанында Достастық мемлекеттерінің бизнес саласындағы көшбасшылары форумының шешімімен ТМД дамуының тұжырымдамасының және 2020 жылға дейін экономикалық даму стратегиясының орындалуына ықпал ету мақсатында қабылданды. «ТМД-дағы бизнес көшбасшысы» марапаты жыл сайын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде интеграциялық және инновациялық жобаларға және ТМД экономикалық дамуының Іскерлік орталығымен серіктестік қарым-қатынастың дамуы мен кеңеюіне елеулі ықпал еткен ТМД елдерінің кәсіпорындары мен ұйымдарын және жеке тұлғаларын іріктеп байқау бойынша анықталған жеңімпазға беріледі», делінген хабарламада.