Мәслихат депутаты куәлігінің үлгісі бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында еліміздің «Сайлау туралы» Конституциялық заңының 46-бабына сәйкес ОСК мәслихат депутаты куәлігінің үлгісін бекітті.

Мәслихат депутаты куәлігінің үлгісі бекітілді

«Сіздердің назарларыңызға ҚР мәслихаттары депутаттарының куәлігін бекіту туралы қаулы жобасын ұсынып отырмыз. Бұл ретте біз ҚР-ның «Сайлау туралы» констиуциялық заңының 46-шы бабына сүйендік. Қаулы бойынша ҚР мәслихатының депутаты куәлігінің үлгісін бекітеміз», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қаулы жобасына бірауыздан жақтап дауыс берді.