«Мәтібұлақ» полигонында «Бейбіт мақсат-2010» лаңкестікке қарсы бірлескен әскери жаттығу басталды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында бүгін «Бейбіт мақсат-2010» лаңкестікке қарсы бірлескен әскери жаттығудың ашылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімді өткізу үшін дала лагерінің плацына Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы барлық елдердің қарулы күштерінің әскери контингенті - 3 мыңнан астам әскери қызметкер жиналды.
None
None

Жаттығуға қатысушылардың барлық эшалондары мен колонналары және техникалары қазіргі таңда Қазақстанға келіп жетті. Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген ҚР Құрғақтағы әскерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Майкеев, өткізіліп отырған жаттығудың Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы әрбір мемлекеттің және жалпы Ұйымның тарихындағы маңызды оқиға екенін атап көрсетті. «Біз бір-бірімізбен иықтасып жаттығу өткізгелі отырмыз. Ортақ тіл табатынымызға, барлық мәселені шешіп, нәтижесінде бірлескен жаттығуды үйлесімді және нақты өткізетіндігімізге сенімдімін», деді генерал-майор М.Майкеев өз сөзінде. Одан кейін Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Ресей елдерінің әнұрандары орындалып, флагштоктарда ШЫҰ елдерінің жалаулары көтерілді.

Жаттығу қыркүйектің 9-ы мен 25-і аралығында жалғасады.

Соңғы жаңалықтар