Мәулен Әшімбаев дипфейк авторларын алаяқтық пен заңсыз ақша жинағаны үшін жауапқа тартуға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дипфейк авторларын алаяқтық, бопсалау немесе заңсыз ақша жинау үшін жауапқа тартуға шақырды. 

Мәулен Әшімбаев дипфейк авторларын алаяқтық пен заңсыз ақша жинағаны үшін жауапқа тартуға шақырды
Фото: freepik.com

— Белгілі бір адамдардың атынан әлеуметтік желіде көптеген дипфейктің жарияланып жатқанын көріп жатырмыз. Осы дипфейктер арқылы бір адамдардың образын жасап, шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемелер жасалып отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі осы жалған мәлімделерде қандай да бір қорға ақша салуға үгіттеп жатады. Ары қарай бұл жағдай ушыға түсуі мүмкін және қазір осының алғашқы белгілерін байқап отырмыз, — деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның пайымынша, жасанды интеллект технологиялары дамыған сайын мұндай жалған жаңалықтар, бұрмаланған ақпарат және манипуляция күрделі мәселеге айналады.

— Құқық қорғау органдарымен бірлесе жауапкершілік мәселесін пысықтау керек. Бұл әрекеттерді жасанды интеллект емес, адамдар жасайды. Сондықтан алаяқтық, бопсалау, заңсыз ақша жинау үшін осы адамдарды жауапқа тарту керек, — деді Сенат төрағасы.

Бұған дейін елімізде дипфейктер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін екені мәлім болды

Соңғы жаңалықтар