Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәулен Әшімбаев Рим Папасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватикан мен Италияға сапарлайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. 

 Бизнесті қолдау тетіктерін қайта реттеу қажет - Мәулен Әшімбаев
Фото: senate.parlam.kz

«2024 жылғы 4-5 сәуірде Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Ватикан Мемлекеті мен Италия Республикасына жұмыс сапары жоспарланған. Сапар барысында Мәулен Әшімбаевтың Рим Папасы Францискпен аудиенциясы, Италия Парламенті Сенатының Төрағасы Иньяцио Ла Руссамен және Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог бойынша Дикастериясының префекті, кардинал Мигель Аюсо Гиксотпен кездесулері, сондай-ақ «Біздің ортақ үйіміз: Жаратушының берген сыйын сүю және аялау» атты дөңгелек үстелге қатысуы көзделген», - деді Айбек Смадияров.