Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мажар қыпшақтары - Қазақстанда

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Мажарлық үш жиһанкез Қазақстан аумағы арқылы сапар жасап жүр. Иштван Бенце, Питер Чепин және Габор Жолнаидің жүріп өтуді жоспарлап отырған жол бағдары - «Алтын адамнан Аттилаға дейін» деген атауға ие,

Мажар  қыпшақтары  -  Қазақстанда
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Салт атты экспедиция Аттила бастаған ғұн тайпалары жүріп өткен тарихи жолмен сапар шекпек. Ежелгі сақ-қыпшақ дәуірінен жеткен «Алтын адам» табылған атақты Есік қорғанынан басталатын экспедиция Аттиланың зираты орналасқан мажардың Сайла қаласында аяқталады. Жиһанкездер бес елдің аумағы арқылы өтіп, Аттила қорғанына ағымдағы жылдың қыркүйек айында жетеді. Жамбыл облысы арқылы жүріп өткен, көне үлгіде киінген мажарлық саяхатшыларды аймақ тұрғындары үлкен ықыласпен күтіп алып, қонақ етті. Меркі ауылында мажарлық жиһанкездер бие сауу мен қымыз дайындау тәсілін тамашалады. Құлан ауылында қонақтарға жаңа туған нәрестені бесікке салу дәстүрі көрсетілді. Саяхатшылар Таразда «Нұр Отанның» жамбылдық филиалында болып, жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз мәслихатында жүздесті. Экспедиция құрамына кірген үш азаматтың арғы бабалары - қыпшақтар, және олардың айтуынша, бұл сапар - осынау тарихи жолмен жүріп өткен бабаларына көрсетілген құрмет. Бүгінде Мажарстанда қазіргі Қазақстан аумағынан шамамен 750 жыл бұрын Еуропаға көшкен ғұн-қыпшақтардың 350 мыңға жуық ұрпағы тұрады.