Мәжіліс бағалы металдар мен асыл тастар туралы заң жобасын талқылайды

Бюро бекіткен күн тәртібіне сәйкес, палата депутаттары алдағы отырыста «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң жобасын ілеспе құжатымен бірге бірінші оқылымда талқылайтын болады. Аталған заң жобасы бағалы металдар мен асыл тастардың өндірісі және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеудің және бақылаудың бірыңғай заңнамалық негізін қалыптастыру көздейді. Осы саладағы ұлттық заңнама үйлестіріліп, зергерлік өнеркәсіпті дамыту үшін жағдай жасалатын болады.
«Сонымен қатар жалпы отырыста халық қалаулыларының талқысына спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заң жобасы да ұсынылады. Бұл заң жобасының негізгі мақсаты спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысты құқықтық қарым-қатынастарды реттеу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуының алдын алу болып отыр», делінген баспасөз баянында.