Мәжіліс бірқатар ратификациялық заң жобаларын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

Депутаттар Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу жөніндегі шартты ратификациялау туралы Заң жобасын мақұлдады. Шегенделген мемлекеттік шекара сызығының ұзындығы 1257,07 км құрайды.

Отырыс барысында «Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасы мақұлданды. Шарттың басты мақсаты - үш мемлекеттің шекараларының түйісу нүктесінің орналасқан жерін айқындау.

Сонымен қатар, жалпы отырыста Мәжіліс бірқатар жаңа Заң жобаларын жұмысқа алды. Олар: «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» және ТМД қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобалары.

Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларына бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар - А.Нұркина, Ш.Нұрымов, Б.Смағұл, К.Мұсырман, Т.Сыздықов, Е.Никитинская, А.Қоңыров.  

Соңғы жаңалықтар