Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына қаржылық көмек көрсетеді

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Мәжілісмендер су тасқынынан зардап шеккен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына қаржылық көмек береді. Бұл шешімді бүгін өткен Үкімет сағатының барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депататтары қабылдады.

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына қаржылық көмек көрсетеді

«Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Шалатай Мырзахметов ОҚО-ның тұрғындарына көмек ретінде біркүндік жалақы мөлшерін аударуды ұсынды. Мәжілісмендер бұл ұсынысты мақұлдады.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған су тасқынының салдарынан 3 аудан, 2 қала, 30 ауыл және жалпы алғанда 1300-ден астам үй  жапа шеккен болатын.