Мәжіліс депутаттары Ұлан-Батыр қаласында болды

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шавқат Өтемісов пен Асхат Бекенов Ұлан-Батыр қаласында іс сапарда болды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметінен.

Мәжіліс депутаттары Ұлан-Батыр қаласында болды

Аталған Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының Парламенті мен Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы арасындағы парламентаралық ынтымақтастық бойынша топ мүшелері болып табылады.

Кездесу Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынастарға байланысты Келісімге қол қойылғанына 20 жыл толу құрметіне орайластырылды.

Сапар барысында Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының басшыларымен, парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшілерімен және де Моңғолияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісімен екіжақты жүздесулер өткізілді.