Мәжіліс депутаты БҰҰ халықты қоныстандыру қорының Орталық Азия бойынша өкілімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаты, Азиялық парламентшілер форумы төрағасының орынбасары Айткүл Самақова Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру саласындағы қорының (ЮНФПА) Орта Азия бойынша субаймақтық офисінің директоры Николай Ботевпен кездесті.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүздесуде аталған Қордың алдағы жоспарымен танысып, Орта Азияға тұрақтанған халықтың әлеуметтік хал-жағдайы бойынша пікір алмасылды.

Кездесуге Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Шавхат Өтемісов пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстан бойынша атқарушы өкілі Райымбек Сейсемалиев қатысты.

Соңғы жаңалықтар