Мәжіліс Қазақстан мен Латвия арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Келісімге 2011 жылдың 16 қыркүйегінде Ригада қол қойылған.
None
None

Келісімнің мақсаты Қазақстан мен Латвия арасындағы екі мемлекеттің бірінің аумағына заңсыз келуді жүзеге асырған немесе заңсыз жүрген адамдарды кері қабылдауды оңайлату болып табылады. Қабылдайтын мемлекет берген жарамды ұлттық паспорты, жарамды визасы немесе болуға рұқсаты бар адамдарға қатысты реадмиссия туралы сұрау салуды талап етілмейді. Бірақ, бұл ретте Тараптардың құзыретті органдары мұндай адамның шығуына дейін жетпіс екі сағаттан кешіктірмей шығу күні туралы бір-бірін хабардар ететін болады. Екі ел реадмиссия туралы сұрау салуға жауапты алған күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс. Ал ондай жауап алынғаннан кейін адамдарды беру күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылатын болады.

«Бұл құжат екі мемлекеттің аумағына кіру және онда болу туралы шартты бұзған адамдарды анықтауды және қайтаруды көздейді. Келісімді ратификациялау халықаралық құқықтар шеңберінде заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Құжатты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды», - деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Соңғы жаңалықтар