Мәжіліс қоғамдық кеңестер туралы заң жобасымен жұмысты бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттар бастамашы болған қоғамдық кеңестер туралы заң жобасын талқылау жұмыстарын бастады.
None
None

«Қоғамдық кеңестер туралы» Заң жобасы Мемлекет басшысының «5 институттық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99-шы қадамын және «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын орындау үшін әзірленді. Сөз мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоамдық кеңестердің стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын, бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысы бар нормативтік-құқықтық актілер жоспарларын, бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау мен орындау бөлігіндегі рөлін күшейту жайында болып отыр. Заңмен қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттігін бекіту мемлекеттік шешімдердің қабылдану ашықтығын арттырады», - дейді заң жобасын таныстырған мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов.

Оның айтуынша, қоғамдық кеңестер республикалық және жергілікті деңгейде құрылады. Ауыл, село, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі қоғамдық кеңестердің қызметі жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі. қоғамдық кеңестердің ұсынымдары ҚР-ның заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.

С,Сейдумановтың сөзіне қарағанда, азаматтық қоғамның мүддесін білдіру және мемлекеттік шешімдерді, жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау әрі қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, ортақ және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету қоғамдық кеңестердің негізгі қызметі саналады.

Соңғы жаңалықтар