Мәжіліс комитетінің төрағасы Н. Рүстемов АҚШ Елшісімен кездесті

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін, қаңтардың 16-сында ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрбах Рүстемов Қазақстандағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугландпен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жүздесу барысында екі мемлекет арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар мәселелер талқыланды. Әңгіме барысында Комитет төрағасы Н. Рүстемов Қазақстан мен АҚШ арасындағы барлық сала бойынша ынтымақтастықта дамудың оң үдерісі байқалып отырғанын атап өтіп, қазақстандық қоғамды демократияландыра түсу бағытындағы заңнамалық жұмыстар жайында сөз қозғады. Өз кезегінде Елші Р. Хоугланд Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара түсіністік көпвекторлы қағидаттарға негізделген екі елдің сыртқы саясатында көрініс тауып отырғанын айтты. «АҚШ тарапы Қазақстанның ДСҰ-ға кіру ниетін толық қолдайды әрі Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды әріптестерінің бірі ретінде санайды», деді Р. Хоугланд.
Соңғы жаңалықтар