Мәжіліс қосымша айырым эмблемасына қатысты Женева конвенциясының қосымша хаттамасын мақұлдады

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қосымша айырым эмблемасын қабылдауға қатысты 1949 жылғы 12 тамыздағы Женева конвенцияларына қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған хаттама бойынша «қызыл кристалл» қосымша айырым эмблемасы танылатын болады. Сонымен бірге, жаңа эмблеманы пайдалану мүмкіндігі қызыл крест пен қызыл жартыай эмблемасын айырым белгісі ретінде пайдаланғысы келмейтін ұлттық қоғамдар үшін Қызыл Крест пен Қызыл Жартыай Халықаралық қозғалысының мүшелігін тану және оған кіру үдерісін жеделдете түседі. Хаттама айырым эмблемаларына, атап айтқанда: қызыл крест пен қызыл жартыайға, қызыл арыстан мен күнге қатысты 1949 жылғы Женева конвенциясының және оларға 1977 жылы енгізілген екі Қосымшаның ережелерін мақұлдап, таниды. Осыған орай, құжатты қабылдаған тараптар кез келген уақытта айырым эмблемалары мен олардың атауларына теріс пайдаланушылықтарды болдырмауға, жолын кесуге қажетті шараларды қабылдайды.
Соңғы жаңалықтар