16:15, 03 Маусым 2015 | GMT +5
Мәжіліс сот құжаттарын шетелге тапсыру туралы конвенцияны ратификациялауға негізделген Заң жобасын мақұлдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы мақұлданды.

Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция 1965 жылғы 15 қарашада Гаагада жасалды. Осы конвенция азаматтық немесе сауда істерінің сот құжатын немесе соттан тыс құжатты шетелге беру және тапсыру үшін жіберу қажет болатын барлық жағдайларда қолданылады.
Конвенцияға сәйкес әрбір уағдаласушы мемлекет басқа уағдаласушы мемлекеттерден келіп түсетін құжаттарды тапсыру туралы сұрау салуды қабылдау және қарау міндеті жүктелетін орталық органды тағайындауы тиіс.