Мәжіліс спикері Н. Нығматулин С. Подобедованы ғаламат жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады

Қазақстан қоржынына төртінші «алтынды» салған Светлана Подобедоваға ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин үкіметтік жеделхат жолдап, қазақстандық спортшыны зор жеңісімен құттықтады.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары атынан Сізді Лондонда өтіп жатқан ХХХ Олимпиадалық ойындардағы ғаламат жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Олимп баспалдағының ең жоғарғы тұғырында тұрып Сіз әлемдегі әйелдердің күштілік мәртебесін тағы да бір нығыздай түстіңіз. Сіздің осы жарқын жеңісіңіз - біздің елдің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандық спортқа жасап отырған қамқорлығының нәтижесі. Бұл Сіздің көп жылғы жалықпаған еңбегіңіздің жарқын көрінісі. Сіздің әрбір қимылыңыз - күш-жігердің салтанат құруы мен шексіз шеберліктің және жеңіске деген құштарлықтың көрінісі.Таласқа әрбір шыққан сайын өз жетістігіңіздің деңгейін жоғарылата көтеріп, атаулы қарсыластарыңыздың зәресін ұшырасыз. Біз Сізді мақтаныш етіп, зор денсаулық, Қазақстан атын аспандатар жаңа жеңістер тілейміз», - делінген Мәжіліс спикерінің жолдаған құттықтауында.