Мәжіліс Төрағасы Чехияның Қазақстандағы елшісімен жүздесті

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бедржих Копецкиді қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастың өзекті мәселелері талқыланды. Екі ел қарым-қатынасының стратегиялық әріптестік сипатқа ие екендігі аталып өтілді.

Парламент Мәжілісінің спикері Қазақстанның орны айрықша саналатын Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолында біздің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше екеніне баса назар аударды.

Сонымен бірге, тараптар парламентаралық қарым-қатынастың одан әрі дами беретініне сенім білдірді. Нұрлан Нығматулин, еліміз Парламенті Мәжілісі мен Чехия депутаттар Палатасы арасында орнаған тығыз достық байланыс туралы тоқталып өтті. 

Кездесу барысында ядролық қауіпсіздікке де ерекше назар аударылды.  Осыған байланысты Парламент Мәжілісінің Төрағасы 27-29 тамыз күндері Астанада өтетін «Ядролық сынақтарға тыйым салудан, ядролық қарудан еркін әлемге» халықаралық конференциясы туралы хабардар етіп, оған аталған елдің парламентшілері де қатысады дегенге сенім білдірді.

Екі жақ та жоспарланып отырған форум бейбітшілік пен қауіпсіздікті дамыту жолындағы ортақ мақсатқа зор үлес қосады деген сенімде.  

Соңғы жаңалықтар