Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов ресми сапармен Минскіге келді

НСК. 24 қазан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Бүгін, 24 қазан күні, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Минскіге ресми сапармен келді.

Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов ресми сапармен Минскіге келді

Түстен кейін Орал Мұхамеджанов Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының Төрағасы Владимир Андрейченкомен және Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының Республикалық Кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубиновпен кездесулер өткізетіні жоспарлануда. Оның барысында республикалардың заң шығару органдарындағы екіжақты ынтымақтастығы мәселелері талқыланады.

Сапар барысында Мәжіліс Төрағасының Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен, сондай-ақ Премьер-Министрі Михаил Мясниковичпен кездесулер өтетіні қарастырылуда.

Сәрсенбі, 26 қазан күні Орал Мұхамеджанов Жеңіс ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне және Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) Кеңесінің отырысына қатысады деп күтілуде.