Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәжіліс Төрағасы ресейлік әріптестерімен жүздесті

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов дағдарысқа қарсы саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыруға қатысты Астанада өтіп жатқан халықаралық дөңгелек үстелге қатысушыларды қабылдады,

Мәжіліс Төрағасы ресейлік әріптестерімен жүздесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Делегация құрамында ресейлік парламентшілер мен кәсіпкерлік құрылымдардың басшылары мен сарапшылары болды.Палата жетекшісі биліктің жоғары өкілетті ұйымымен және де «Нұр Отан» ХДП-ның Мәжілістегі парламенттік фракциясының мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолға алып отырған шараларын құқықтық қамтамасыз ету жолдарын нақтылап айтып берді. Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары Михаил Гришанков пен Виктор Семенов бүгінде екі елдің мәселелері ортақ болып отырғанын, Қазақстанның жақсы тәжірибесін үйренгілері келетінін мәлімдеді. «Сіздер Ресейден озып келесіздер. Қазақстан қоғамында болып жатқан оң өзгерістер Мемлекет басшысының бастамаларымен жүзеге асуда. Шешім қабылдаудың дұрыс жолын сіздерден үйренуіміз керек»,- деп атап өтті. Қазақстанның тәжірибесіне қызығушылық танытқан ресейлік депутаттар еліміздің заң шығару ісіне, әсіресе, сыбайлас жемқорлықпен күрес пен жер қатынастары мәселесіне баса назар аударды.