Мәжіліс төрағасы Санкт-Петерборда алғашқы кездесулерін өткізді

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Санкт-Петербор қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының іс-шаралары шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация алғашқы кездесулерін өткізді,
None
None

деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегация алдымен қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бүгін ТМД ПАА шаралары шеңберінде ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының отырыстары өтті. ТМД қатысушы-мемлекеттер парламенттерінің төрағалары еуразиялық кеңістіктегі  интеграция мәселелерін талқылады. Қазақстан еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді белсенді жақтаушылар қатарына енеді. Осы кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлан Назарбаевтың интеграция жайындағы идеясы жүзеге асырылып жатқаны шындық. Соған отырысқа қатысушылар сенім білдірді. Сонымен қатар ТМД парламентшілері Бірыңғай экономикалық кеңістіктің кейбір келісімдерін ұлттық заңнамалар бойынша біріздендіру саласында үлкен істер күтіп тұрғаны жайында ортақ пікір білдірді.

  

Соңғы жаңалықтар