Мәжіліс Ұжымдық жедел ден қою күштері туралы келісімді мақұлдады

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық жедел ден қою күштері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған келісімге 2009 жылдың маусымында Мәскеу қаласында қол қойылған болатын. Келісімнің мақсаты қарулы шабуылдарға, оның ішінде басқыншылыққа тойтарыс беру, мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігіне басқа да қыр көрсетулер мен қауіп төндірулерге қарсы іс-қимыл жасау үшін күш-жігерді біріктіру болып табылады.

Бұл ретте тараптар коалициялық негізде Ұжымдық жедел ден қою күштері құрылатын болады. Олар ұйымның ұжымдық қауіпсіздігі жүйесінің күштері мен құралдарының тұрақты әзірлігінің құрамдас бөлігіне айналады. Сонымен бірге, Ұжымдық жедел ден қою күштеріне бірқатар негізгі міндеттер жүктеледі. Атап айтқанда, қарулы шабуылдың, оның ішінде басқыншылықтың жолын кесуге, тойтарыс беруге, қарулы жанжалдарды оқшаулауға қатысу, халықаралық лаңкестікке, есірткі заттары мен қару-жарақ, оқ-дәрілердің заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қатысу жүктеледі.

Ұжымдық жедел ден қою күштерінің құрамын тараптардың ұсыныстары негізінде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі бекітеді. Оларды жасақтау үшін қатысушы мемлекеттер өз ұлттық заңнамасына сәйкес қазіргі заманғы үйлесімді қару-жарақпен, әскери техникалармен жарақтандырылған арнайы мақсаттағы күштер құрылымдарын бөлетін болады. Бұдан басқа, Ұжымдық жедел ден қою күштері контингенттерін басқару үшін Қолбасшылық құрылады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар