Мәжіліс жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға бағытталған жобаны бірінші оқылымда мақұлдады

Заң жобасы жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндіру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұдан бөлек, заң жобасы инвесторларды да, жеке тұтынушыларды да қолдауды көздейді. Құжаттың тұжырымдамасы бойынша жаңартылатын энергия көздеріне жер телімдерін беру шарасы ерекше жағдайлар бойынша берілетін болады. Бұнымен қоса, заңнамада тұрақты тарифтер енгізу мәселесі де қарастырылып отыр. Атап айтқанда, заң жобасымен жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр қуатының тұрақты тарифтерін белгілеу қамтылады. Ал мұндай трақты тарифтерді Үкімет ұзақ мерзімді кезеңге, нақтыласақ он бес жылға дейін белгілейтін болады.
Мүдделі тараптардың, оның ішінде жобаларды жүзеге асырудың техникалық мәселелері бойынша инженерлердің, ал орнықты даму және климаттың өзгеруі проблемалары бойынша экологтардың ұсыныстары ескерілді», - дейді Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров.
Еске салсақ, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы әзірленген. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, 2014 жылы еліміздің энергетикалық теңгерімінде «жасыл» энергетика үлесін 1 пайызға, ал 2017 жылға қарай 3 пайызға жеткізу көзделеді.