17:23, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Мәжіліске Нидерланды Корольдігінің Адам құқықтары жөніндегі елшісі келеді
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, ақпанның 3-і күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссиясының төрағасы Сағынбек Тұрсынов Нидерланды Корольдігінің Адам құқықтары жөніндегі елшісі Арьян Хамбургермен кездеседі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесуде сұхбаттасушылар адам құқықтары, көші-қон мәселелері туралы ойларын ортаға салады, аталған мәселелерді заңмен реттеу жөніндегі пікірлер айтылады деп күтілуде.