Мәжілісте депутаттар мен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

АСТАНА.ҚазАқпарат - Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Онда Мәжіліс Төрағасы Елбасының Жарлығы бойынша Палата депутаттары мен Аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
None
None

Жиналғандарды тәуелсіздік күнімен құқттықтаған Мәжіліс Спикері өз сөзінде:

- Ең алдымен баршаңызды келе жатқан егемен еліміздің ең мәртебелі, ең ұлы мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.  Биылғы мерекенің орны да ерекше, маңызы да өте зор. Енді үш күннен кейін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған тәуелсіз Қазақстанымызға тура 25 жыл толады. Бұл еліміз тарихындағы ерекше кезең, үлкен белес, тарихи уақыт. Осы уақыттың ішінде Президентіміздің көреген саясатының арқасында біздің мемлекетіміз өте үлкен  табыстарға,            жеңістерге жетті. Әлемдік деңгейде абыройлы да  беделді мемлекетке айналды.

Ең бастысы - еліміздің береке-бірлігі мықты және ынтымағы зор. Бұл тікелей Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі. Осы жолда барша қазақстандықтардың, соның ішінде, сіздердің де қосып жатқан үлестеріңіз өте зор,-деді.

Салтанатты шарада Палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваға, Мәжіліс депутаты Жанат Жарасовқа «Парасат» ордені, Ахмет Мурадовқа II дәрежелі «Достық» ордені, Мәжіліс депутаттары Меруерт Қазбековаға Евгений Козловқа, Айгүл Нұркинаға, Тұрғын Сыздықовқа және Мәжіліс Аппараты Басшысының орынбасары Дастан Махаевқа, Мәжіліс Аппаратының бөлім меңгерушісі Аманбек Рамазановқа  «Құрмет» ордені, Наталья Жұмаділдаеваға, Магеррам Магеррамовке, Бахтияр Мәкенге, Ирина Унжақоваға және Парламент Мәжіліс Аппаратының Баспасөз бөлімінің бас консультанттары Зәмеш Кеңесқызы мен Ольга Абрамоваға, бөлім меңгерушісінің орынбасары Мұратбек Әмірбековке, Айман Төкиеваға «Ерен еңбегі үшін» медалі, Жанат Омарбековаға «Шапағат» медалі, Наринэ Микаелянға және сектор меңгерушісі Наталья Лотоваға Құрмет грамотасы берілді. 

 Сондай-ақ, осы күні Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. 

Сонымен қатар, бірқатар депутаттар мен аппарат қызметкерлері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеяларының медальдарына және Құрмет грамоталарына ие болды. 

Соңғы жаңалықтар