Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобы мүшелерінің қатысуымен кеңес өтті

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясындағы тапсырмасының жүзеге асырылуына байланысты республикалық семинар-кеңес болып өтті.
None
None

Онда Мәжілістегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының бейбітшілікті, қоғамдық және этносаралық келісімде партияаралық ынтымақтастық тәжірибесін тарату жұмыстары талқыланды.

Басқосуда «Қазақстан халқы Ассамблеясы» тобының жұмысы жөнінде, сондай-ақ саяси партиялардың депутаттық фракцияларының депутаттық топтармен партияаралық ынтымақтастықты дамыту жолдары мен жұмыс жасау әдістері жөнінде баяндалды.

Бұдан бөлек, Елбасының тапсырмасын орындау барысында облыстық мәслихаттар деңгейінде депутаттық топтар құрудағы іс-тәжірибе туралы Ақмола облыстық мәслихатындағы «Достық» депутаттық тобының мүшесі В.И.Синчук өз пікірін бөлісті. Сонымен қатар, шараға қатысушылар алдағы кезеңде депутаттық топтармен жұмыс жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Кеңес барысында ұлттың бірлігін, қоғамдық келісім және этносаралық төзімділікті нығайтудың түрлері мен әдістері жөнінде пікірлер айтылды. Республикалық семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының мүшелері, облыстық мәслихаттың хатшылары мен облыстық мәслихат жанындағы депутаттық топтардың, өңірлердегі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, облыстардағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама топтарының жетекшілері қатысты.

Соңғы жаңалықтар