Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» су торабын салу туралы келісім және басқа да заң жобалары қаралмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
None
None

Депутаттардың қарауына бірінші оқылымға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін жаңалықтар шығарылады. Ал, Палатаға екінші оқылымға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.

Жалпы отырысқа ратификацияланатын бірқатар заң жобалары талқылауға ұсынды. Олар: 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы Конвенция; 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы Келісім; 1999 жылғы 3 желтоқсанда, Пекинде қабылданған Озон жөніндегі Монреаль Хаттамасы; Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» су торабын салу туралы Келісімдер бар.

«Жол жүрісі туралы» заң жобасына Сенаттың түзетулері де күн тәртібінің жобасына қосылып отыр.

Соңғы жаңалықтар