Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мбаппе әлем чемпионаттарындағы матч саны бойынша Марадонаны басып озды

АСТАНА. KAZINFORM — Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлем чемпионаттарында өткізген матч саны бойынша аргентиналық аңыз Диего Марадонаны басып озды.

Мбаппе әлем чемпионаттарындағы матч саны бойынша Марадонаны басып озды
Фото: FIFA

Report агенттігінің мәліметінше, 27 жастағы француз 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлде үшін Англияға қарсы матчына негізгі құрамда шығып, мундиальдардағы 22-ойынын өткізді. Осылайша ол әлем чемпионаттары тарихында ең көп матч өткізген футболшылар тізімінде 8-орынға көтерілді.

Мбаппенің алдында Лионель Месси (33 матч), Криштиану Роналду (27), Лотар Маттеус (25), Мирослав Клозе (24), сондай-ақ Паоло Мальдини, Лука Модрич және Мануэль Нойер (әрқайсысы 23 матчтан) тұр.

Килиан Мбаппе 2024 жылдан бері мадридтік «Реал» клубының намысын қорғап келеді. Франция құрамасы сапында ол 2018 жылы әлем чемпионы атанып, 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалында 19 шілдеде Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі.

Айта кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Францияға қарсы ойнаған Англия құрамасы қола жүлдегер атанды.