Медбикелер өз мерекелерінің құрметіне балалар үйіне компьютерлер сыйлады

ОРАЛ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 12 мамыр - Халықаралық медбикелер күніне орай Батыс Қазақстан облыстық ауруханасының медбикелері облыстық балалар үйіне қайырымдылық көмегін көрсетті.
None
None

«Балаларға қуаныш сыйлайық» атты шараға аталмыш аурухананың 498 орта буын қызметкері үлес қосты. Жиналған қаржыға екі компьютер, қос принтер алынып, балалар үйіне тарту етілді. Медбикелер өз мерекелерін осылай атап өтуді ұйғарған.

Аталмыш балалар үйінде 90 жеткіншек тәрбиеленуде. Компьютер олар үшін өте қажет. Балалар үйінің тәрбиеленушілері өздеріне қолұшын созған облыстық аурухана өкілдеріне ризашылықтарын білдіріп, концерт қойды.

Соңғы жаңалықтар