Медициналық сақтандырудың жарналарына арналған есепшот ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, шілденің 1-і күні Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Алдымен жұмыс берушілер өздері және қызметкерлері үшін жарна аударуды бастайды. 

Медициналық сақтандырудың жарналарына арналған есепшот ашылды

Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арнайы есепшоттың ашылғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері негізінде аударымдар мен жарналарды есептейтін және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді. Ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер ашылған ағымдағы шотқа аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойынша тұрақты түрде аудару тиіс:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

123 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақтылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақтылы аударылмағаны үшін өсімақы.