Медведев ЭКСПО көрмесін тамашалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев дүйсенбі, 14 тамызда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады, деп Ресейдегі Қазақстан елшілігінің сайты .

Медведев ЭКСПО көрмесін тамашалайды

РФ Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстан премьер-министрлерінің кездесуі барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық өзара іс-қимылды кеңейту бойынша негізгі міндеттерді қаралады. Салалық ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде бірыңғай электр-энергетикалық нарықты қалыптастыруға, үйлестірілген көлік саясатын жүзеге асыру бойынша шараларға баса мән беріледі.

Үкіметтер басшыларының қарауына одақтың «цифрлық күн тәртібін» жылжыту бойынша бірлескен жұмыс туралы баяндама ұсынылады. Одақтың халықаралық әріпестерімен преференциалдық сауда режімдері және өзара қызығушылық тудырған басқа да тақырыптар талқыланады.

Дмитрий Медведевтің Астанаға сапары барысында ол «ЭКСПО-2017» көрмесіне барады.