Mehr News Agency: Израиль Иранмен 12 күндік соғыстан 40 млрд доллар шығынға батты

АСТАНА. KAZINFORM – Иран агенттігінің мәліметінше, Израильдің Иранмен 12 күндік соғыстан келген ресми шығыны – нақты шығынның тек бір бөлігі ғана. Бұл туралы Kazinform меншікті тілшісі хабарлады. 

Израиль понес $40 млрд ущерба в 12-дневном конфликте с Ираном — Mehr
Коллаж: Kazinform; Pixabay; Pexels

Mehr-дің жазуынша, Израильдің ресми экономикалық шығыны 12-20 млрд доллар деңгейінде көрсетілген. Алайда, басылымның мәліметінше, кешенді бағалау шығынның айтарлықтай ауқымды екенін көрсетіп отыр. 

Нақтырақ айтқанда, Mehr атап өткендей, Израильдің тікелей әскери шығындары 12,2 млрд долларды, экономикалық күйреу мен бизнестің жабылуынан келген шығын 21,4 млрд долларды, Иран шабуылдарынан келтірілген қираулардың салдарынан болған шығын 4,5 млрд долларды, ал эвакуация мен қалпына келтіру шығындары 2 млрд долларды құрады. Жалпы қаржылық шығын 40 млрд доллардан асты.

АҚШ президенті Дональд Трамп маусым айында Израиль мен Иран арасында 12 күнге созылған қарулы қақтығысты тоқтатуға бағытталған «атысты толық және түпкілікті» тоқтату туралы режиміне қол жеткізілгені туралы жариялады. 

 

Соңғы жаңалықтар