20:55, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мекке Мұсылман пәтуасы халықаралық конференциясы басталды
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат – Қаңтардың 17-сінде Меккеде Бүкіләлемдік ислам лигасының штаб-пәтерінде Мұсылман пәтуасы халықаралық конференциясы басталды. Бұл шара бес күнге созылмақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі бастаған қазақстандық делегация қатысуда. Мұсылмандар пәтуасы жоғары дінбасыларының ұйғарымымен шығарылады және ол әрбір іс-әрекеттің Құранға және шариғатқа сәйкестігін белгілеп отырады.