Мексикада 6,0 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА.KAZINFORM — Мексиканың Юкатан штатында 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Анадолы.
Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) хабарлады.
Жер сілкінісі Эль-Прогресо (Юкатан) қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 75 шақырым жерде тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі теңізде 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Құрбан болғандар мен залалдар туралы хабарланған жоқ.
Айта кетейік, Венесуэлада 24 маусымның кеші мен 25 маусым күні таңертең жер сілкінісі болып, көптеген үйлер қирады.
Елде төтенше жағдай жарияланды, ал ең қатты зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери бақылауға алынды.
Құрбан болғандар саны 1943-ке жетті.