Мектеп директорларына еңбекақы төлеуде өзгерістер енгізілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектеп директорлары үшін еңбекақыны сараланған түрде төлеу қарастырылып жатыр. Бұл туралы Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Мұғалімдердің еңбекақысына қосымша ақы ескерілген. Алайда мектеп директоры мен оның орынбасарларына, оқу ісінің меңгерушілеріне қатысты проблема бар. Біз осы мәселені аттестация арқылы жүйелі шешуді көздеп отырмыз. Қазіргі кезде мектеп директорлары үш жылда бір мәрте азаматтық қызметкерлер ретінде аттестациядан өтеді. Дегенмен де ол шағын немесе үлкен мектептің директоры болуына, мектептің толықтығына, сондай-ақ директордың қаншалықты тиімді жұмыс атқаруына қарамастан, оның еңбекақысы өспей келеді. Яғни үстеме ақы қарастырылмаған», - деді Аймағамбетов.

Осы орайда ол министрлік орта білім беру ұйымдарындағы директорларға және олардың орынбасарларына еңбекақыны саралау туралы мәселені қарап жатқанын жеткізді.

Бұдан бөлек, ведомство мектеп директоры мен орынбасарларына жарты ставкаға пән жүргізу мүмкіндігін қайтарып беруді ұсынды.

Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында мұғалім мамандығының беделін көтеру мәселесі талқыланды.

Соңғы жаңалықтар