Мектепке Мұхтар Әуезовтың есімі беріледі деген қуанышты хабарды ұзақ күттік - беларустық ұстаз

НСК. 26 қазан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - ҚазАқпараттың бұрын хабарлағанындай, Минскіде қазақтың ұлы жазушысы және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған экспозиция салтанатты түрде ашылды.

Мектепке Мұхтар  Әуезовтың есімі беріледі деген қуанышты хабарды ұзақ күттік - беларустық ұстаз

«Мектебімізге Мұхтар Әуезовтың есімі беріледі деген қуанышты хабарды өте ұзақ және тағатсыздана күттік. Біз салған достық көпірі жақын бауырлас екі халық арасындағы достықтың берік көпіріне айналуы үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Халықтар арасындағы достық түсінігі жай сөз емес. Халықтар достығы мәңгі жасайды!», - дейді екі ел арасындағы достық пен ынтмақтастықтың белгісі ретінде 2009 жылы М.Әуезов есімі берілген Минскідегі №143 орта мектептің ұстазы Анна Булва.