«Мектепке жол»: Алматыда ҚХА 19 балаға мектеп құралын алып берді

«ҚХА Алматы бөлімшесі жанындағы Аналар кеңесі осындай шараларды жыл бойы өткізіп тұрады. Біз бұл шараларды «Бөтен бала болмайды» деп атадық. Көбіне, көмекке мұқтаж, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жетім балаларға қол ұшын созамыз. Біз бүгін 19 балаға сөмке сыйлап жатырмыз. Сондай-ақ, осы жерге келе алмаған тағы 4-5 балаға сыйлықты беріп жібереміз», - деді Аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Ниязова. «Бұл біз үшін күнделікті жұмыс. Көптеген мұқтаж үйлерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға барып, азық-түлік, киім-кешекпен қамтуға тырысамыз», - деді ҚХА Алматы бөлімшесі хатшылығының жетекшісі Маргарита Әбдіәлиева. Нұрия Низованың айтуынша, Ассамблея жанындағы Аналар кеңесі екінші жыл қатарынан тек қана қайырымдылық шараларын ғана емес, сондай-ақ, қиын жағдайда қалған отбасыларға құқықтық көмек көрсетіп келеді. «Мен ұйым атынан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіргім келеді. Оның саясатының арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз», - деді ол. Акция соңында балалар мен олардың ата-аналары мерекелік концертті тамашалады.