Мемлекет басшысы Дональд Трампқа хат жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Дональд Трампқа ризашылығын білдіріп, хат жолдады
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Аустрия президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар