Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Касым-Жомарт Токаев направил поздравительную телеграмму Президенту Бангладеш
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Грекия президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.