Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.

Айта кетейік, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар