Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы төмендегі заңдарға қол қойды: 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Айта кетелік Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарадағы уағдаластықтарды іске асыруды талқылаған еді