10:02, 16 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
- Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Президент Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.