Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары «Болашақ» шахтасын аралап көруден басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді.

Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады.

Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов «Болашақ» шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Кәсіпорын «Миллионное» және «Алмас-Жемчужина» кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады.

Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.

Еске сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды

Соңғы жаңалықтар