Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды
Фото: Ақорда

Президент өңірдегі бірқатар өндірістік кәсіпорынды аралап көреді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады. 

Президент
Фото: Ақорда
Ақтөбе
Фото: Ақорда

Бұған дейін Мемлекет басшысының Доха форумының панельдік сессиясына қатысқанын хабарлаған едік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Newsmaker Interview форматындағы арнайы сессияға барып, модератор, СNN журналисі Джулия Чаттерлейдің сұрақтарына жауап берген болатын. 

Соңғы жаңалықтар