Мемлекет басшысы Канада Премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні – ұлттық мейрамына орай осы елдің Премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент еліміз Канадамен достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Канада халқына құт-береке тіледі.
Айта кетелік Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған еді.