Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен оның отандастарын Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. 

Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаменің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Руанда халқына құт-береке тіледі.

Айта кетелік Мемлекет басшысы Конго президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтаған еді.