Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған атыс салдарынан жазықсыз адамдардың қаза табуына байланысты Канада Премьер-министрі Марк Карниге көңіл айтты.

Қазақстан Президенті Канада халқының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, қайтыс болған азаматтардың отбасыларын сабырға шақырды, сондай-ақ зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Канадада мектепте атыс болып, он адам қаза тапты.

Канаданың Тамблер-Ридж қаласындағы мектепте атыс ұйымдастырған күдіктінің анасы мен 11 жастағы туысының денесі оқу орнына жақын орналасқан үйден табылды.

 

Соңғы жаңалықтар